press office of Shakarim University11 august 2025шәкәрім университеті, almau

AlmaU ректоры – Шәкәрім университетінде

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арнайы келген Алматы Менеджмент университетінің (AlmaU) негізін қалаушы әрі ректоры Асылбек Базарбайұлы Қожахметов Шәкәрім университетіне ат басын бұрды.

 

Қазақстанның бизнес бағытындағы алғашқы университеттерінің бірі саналатын беделді оқу орнының басшысы Шәкәрім университетінің Инжиниринг орталығы, Құрылыс материалдары зертханасы, Shakarim Lab – ауыл шаруашылығы, экология және өнеркәсіп саласындағы заманауи талдау және зерттеу әдістеріне маманданған ғылыми-зерттеу орталықтарын аралап, жас ғалымдардың жобаларымен танысты.

Сапар барысында тараптар ғылым мен білім, инновациялық технологиялар салаларында өзара әріптестік орнату мүмкіндіктерін талқылады.

Асылбек Қожахметов Шәкәрім университетінің материалдық-техникалық базасына оң бағасын беріп, университеттің білім мен ғылымдағы жаңашылдығына ерекше тоқталды.