02 may 2025

«Бетпердесіз» атты арт-терапиялық шеберлік сыныбы

Психологиялық қолдау қызметі
Ветеринария және ауылшаруашылығы зерттеу мектебінде университет студенттеріне арналған «Бетпердесіз» атты арт-терапиялық шеберлік сыныбын профессор Ш. Сатиева өткізді.

🌀 Бұл шеберлік сыныбы — ішкі әлемге үңіліп, шынайы болмысты тануға арналған шығармашылық әрі сезімге толы саяхат болды.

✨ Іс-шара барысында:
🎭 Бетперде мен шынайы болмыстың айырмашылығы талданды
🖌 Арт-клякса техникасы арқылы ішкі хаос бейнеленді
🧘‍♀️ Қимыл және дене терапиясы арқылы еркіндік сезілді
🌿 Хнамен еркіндік пен шексіздік символдары бейнеленді
💃 Бетпердемен және бетпердесіз би арқылы шектеулер мен қысымнан арылу сәті болды

🎙 Студенттердің пікірлері:
🔹 «Бүгін мен ішкі әлеміме жақындадым»
🔹 «Әрбір қимыл, әрбір таңба — өзіммен диалог болды»
🔹 «Бұл шеберлік сағаты мен үшін ем секілді болды»

🌿 Бұл – өзін тануға, еркін болуға және өмірді шынайы қабылдауға бастар психологиялық тәжірибе болды.