Шәкәрім университетінде Отан қорғаушылар күні және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты музыкалық-поэтикалық кеш өткізілді.
Кеш "Соңғы соғыс поэзиясы" қойылымымен басталып, экраннан қазақтың біртуар перзенті, әйгілі әскери қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, Бауыржан Момышұлының майдан жайлы естеліктері көрсетілді.
Келесі кезекте соғыс кезіндегі әндерден поппури орындалып, залдағы көрермендерді терең сезімге бөледі. Кеш барысында университет оқытушылары мен студенттері патриоттық өлеңдер оқып, отаншылдыққа шақыратын әндер шырқады, театрландырылған көріністер қойды.
Салтанатты іс-шара соңында шырқалған «Алға, қазақ жігіттері» әні көрермендерді серпілтіп, жігер сыйлады.
Мазмұнды әрі рухты түйінмен аяқталған кеш жастардың бойында отансүйгіштік сезімді оятуға, тарихты ұмытпауға бағытталған тағылымды іс-шара болды.





