Шәкәрім университетінде профессорлық-оқытушылар құрамына ағылшын тілінен тегін курстар жүргізілуде.
Курсты «Шет тілдер» кафедрасының оқытушысы Айжан Оспанова жүргізеді.
Оқытушылардың кәсіби құзыретін дамытуға бағытталған курстар аптасына 4 сағатты қамтиды және келер жылдың наурыз айына дейін жалғасады.
Айта кету керек, Қазақстанның білікті, білімді әр азаматын ғаламдық ақпараттар мен инновациялық ағынына ілесу ағылшын тілін үйренуге жетелейді.
Ақылды киiм бермес, ғылым берер,
Ғылымын ал, өнерiн ал, мұны таста!