Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі20 маусым 2025шәкәрім университеті

ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Бүгін, 2025 жылдың 20 маусымында, Шәкәрім университетінің қабылдау комиссиясы ресми түрде өз жұмысын бастады. Алғашқы күннен-ақ құжат тапсырушы талапкерлер легі мол болып, техникалық хатшылар мен кеңес берушілер жұмысы қыза түсті. 

 

 

Университет басшылығы осы маңызды кезеңдегі қабылдау комиссиясының жұмысына ерекше назар аударып отыр. Ректор Думан Орынбеков комиссия мүшелеріне абитуриенттерге жан-жақты қолдау көрсетудің және олардың барлық сұрақтарына нақты жауап берудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, қабылдау процесінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету қажеттігін баса айтты.

 

 

Биылғы жылы Шәкәрім университеті бірқатар жаңа білім беру бағдарламаларын ұсынып отыр, бұл да талапкерлердің қызығушылығын арттырды. 
Университет әкімшілігі қабылдау науқанының ойдағыдай өтуіне және талантты, білімге құштар жастарды университет қабырғасына қабылдауға зор үміт артып отыр.