Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі09 шілде 2025shakarim university

Shakarim University жас ғалымдары Германияда тұрақты даму бағытында тағылымдамадан өтуде

Германиядағы Қазақстан Республикасының Елшілігінде «Болашақ» бағдарламасы аясындағы «500 ғалымға тағылымдама» стипендиялық бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтіп жатқан 27 жас қазақстандық ғалыммен кездесу өтті.

Аталған бағдарлама бойынша тағылымдамадан өтушілердің қатарында Шәкәрім университетінің өкілдері бар:

  1. Нұрғалиев Нұржан Нұрлыбекұлы, PhD, «Химия және экология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
  2. Бликс Айгерім Амантайқызы, «Химия және экология» кафедрасының оқытушысы.

Тағылымдаманың ғылыми бағыты – «Жасыл технологиялар және тұрақты даму», қазіргі әлемде аса өзекті болып табылатын экологиялық мәселелер мен инновациялық шешімдерге арналған.

Бағдарлама қазақстандық ғалымдардың кәсіби дамуына, шетелдік тәжірибе жинақтауына, ғылыми зерттеулер жүргізуіне, сондай-ақ Қазақстанда тұрақты даму мен экологиялық таза технологияларды енгізуге мүмкіндік береді. Осындай халықаралық тағылымдамалар Шәкәрім университетінің ғылыми әлеуетін арттырумен қатар, еліміздің тұрақты дамуына және білім мен ғылымның жаһандық кеңістікте ілгерілеуіне үлес қосады.