Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі15 мамыр 2025әріптестік

Тұрақты егіншілік, ақылға қонымды шешім: Шәкәрім университеті, Қытайдың Солтүстік-Батыс орман және ауыл шаруашылығы университеті мен Xi’an Hetu Trading Co., Ltd. (ҚХР) жаңа аграрлық бағытты іске қосады

Қытайдың Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы университетінің (Northwest A&F University) ресми сайтында - news.nwsuaf.edu.cn - Қазақстан мен Қытай арасындағы агротехнологиялық бағыттағы халықаралық ынтымақтастықтың жаңа кезеңінің басталғаны туралы жаңалық жарық көрді (редакторы Чжан Цин, финалдық редакция — Лю Юйфэн). (https://news.nwsuaf.edu.cn//xnxw/6a948add593a477a86f3538f729aa0cc.htm

 

 

Жарияланған материалға арқау болған — Қазақстанның Шығысында  «Құрғақ әрі суық климатқа бейімделген технологиялардың демонстрациялық паркін» құру жөніндегі жобаның бастамашысы, үйлестірушісі және ғылыми серіктесі Shakarim University.  Бұл жобаның Қытайдың жетекші аграрлық университетінің сайтында жариялануы — ғылыми дипломатиядан гөрі технологиялар трансферті, кадр дайындау және тұрақты ауыл шаруашылығын экожүйелік дамыту бағытындағы көпсалалы бағдарламаға айналғанын көрсетеді.

 

 

Жобаның қазақстандық тараптағы бастамашылары — ректор Думан Орынбеков басқаратын Shakarim University командасы. Стратегиялық бастаманың авторы — халықаралық деңгейдегі CNAS сертификатталған техникалық сарапшы, интернационалдандыру және инновациялар жөніндегі проректор Ерасыл Дулатбай. Оның серіктестік орнатудан бастап тәжірибелік алқаптарды іске қосуға дейінгі белсенді жұмысы университеттің ауыл шаруашылығы ғылымында және халықаралық ынтымақтастықта шынайы өзгерістер жасай алатынын дәлелдейді.

 

 

Жоба келесі бағыттарды қамтиды:

Қуаңшылық пен суыққа төзімді ауыл шаруашылығы дақылдарының сұрыптарын іріктеу және оларды экологиялық әрі тиімді әдістермен өсіру;

Қытайлық «ақылды» ауыл шаруашылығы техникаларын және суды үнемдейтін жүйелерді енгізу — тұқым себуден бастап өнім жинауға дейінгі толық циклді механикаландыру;

Абай облысының климаттық ерекшеліктеріне сай келетін алты дақыл түріне (бидай, соя, рапс және т.б.) далалық зерттеу жүргізу;

Shakarim University студенттері, өңірдің агрономдары мен ауыл шаруашылығы мамандары үшін далалық практикалық оқыту ұйымдастыру.

 

 

Бұл жоба — жай ғана ғылыми серіктестік емес. Бұл — климаттық қауіп-қатерлерді, технологиялық үрдістерді және адами капиталды ескеретін тұрақты аграрлық үлгіні қалыптастыру жолындағы жүйелі қадам. Қытайлық серіктес — Xi’an Hetu Trading Co., Ltd. — техникалық жабдықтауға толық жауапкершілік алып, жобаға өндірістік жүзеге асыру мүмкіндігін береді.

 

 

Жоба Қазақстанның шығысындағы құрғақ әрі суық климатты аймақтарға бағытталған.

Жобаны жүзеге асыруда Қытай Ауыл шаруашылығы институтының профессоры Хань Цинфан пен оның сарапшы командасы техникалық жетекшілік етеді. Сонымен қатар, серіктес ретінде Xi’an Hetu Trading Co., Ltd. компаниясының бас директоры Ма Дунцзы техникалық қолдау мен инвестициялық міндеттемелерді орындайды.

 

 

Xi’an Hetu компаниясының бас директоры Ма Дунцзы айтқандай, компания үшжақты келісім аясындағы барлық инвестициялық және техникалық міндеттемелерді толық орындайды. Ол аталған жобаның аясында Қытайдың алдыңғы қатарлы ауыл шаруашылығы технологиялары — ақылды техника, тамшылатып суару жүйелері мен жоғары сапалы генетикалық ресурстар  ұсынылатынын атап өтті. Сонымен қатар, бұл жоба екі ел арасындағы агротехнологиялық алмасудың тұрақты платформасын қалыптастырып, нақты тәжірибелік нәтиже беретін серіктестік үлгісіне айналады.

 

 

Shakarim University үшін бұл жоба:

Университетті Шығыс Қазақстандағы инновациялық ғылыми хаб ретінде танытуға;

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аймақтық университеттерді жаһандық ғылыми кеңістікке енгізу жөніндегі тапсырмаларын іске асыруға;

Студенттер мен жас ғалымдарды нақты трансшекаралық ғылыми процестерге тартуға;

Болашақтың тұрақты агроэкономикасы үшін кадрлық әлеует қалыптастыруға мүмкіндік береді.

 

 

Жоба, сонымен қатар, Shakarim University-дің оқу орнын халықаралық серіктестік орталығына айналдыруға бағытталған бастамаларының қисынды жалғасы болып табылады. Мұнда ғылым, жастар саясаты және экономика тоғысқан жерде өңірлік дамудың жаңа парадигмасы қалыптасуда.

 

 

Қытайдың жетекші ауыл шаруашылығы университетінің сайтында жарияланған бұл жаңалық — Shakarim University-дің халықаралық аграрлық ынтымақтастық алаңындағы толық құқылы әрі бәсекеге қабілетті оқу орны ретінде мойындалуының айғағы.

Өсімдіктер өсіп-жетілген кезде жоба  командасы қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері мен агрономдары үшін егіс басында кеңестер мен  тәжірибелік оқыту ұйымдастырады.

Жобаны іске асыру "Бір белдеу — бір жол" бастамасы шеңберінде Қытай мен Қазақстан арасындағы аграрлық ынтымақтастықты тереңдетуге жәрдемдесе отырып, технологиялық алмасу мен кадрлар даярлаудың қуатты катализаторына айналады.

 

Ерасыл Дулатбайдың сөзіне сүйенсек, жоба Қазақстанның шығысындағы ауыл шаруашылығы дақылдарының тұрақтылығын арттыру және экологиялық егіншілікті дамыту қажеттігін айқындайды. Қытайдың Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы университеті қуаңшылыққа төзімді сұрыптарды іріктеу, суды үнемдеу технологияларын әзірлеу және инновацияларды таратуда бірегей тәжірибеге ие. Университеттердің ғылыми әлеуетін біріктіру мен қытайлық бизнестің қатысуы Shakarim University-ді құрғақ климат жағдайындағы егіншілік пен халықаралық ғылыми серіктестік саласында жаңа деңгейге шығарады деп күтілуде. Бұл Қазақстан ауыл шаруашылығының орнықты дамуы үшін интеллектуалдық шешімдер береді.

 

 

Қытай Халық Республикасындағы әріптестермен бірлескен жұмыс күндерін қорытындылай келе, Shakarim University ректоры Думан Орынбеков: "Тұқым себу арқылы біз ұзақмерзімді серіктестіктің негізін қаладық. Жоба осы жерде біздің студенттерге, өңірдің ауыл шаруашылығы саласы үшін нақты пайда әкеледі. Дегенмен,  сенім дәнінің егілуі біздің серіктестігіміздің  тұрақты дамуына ықпал ететіні маңыздырақ,- дейді.