AP19680032 "Әлеуметтік желідегі лексиканың құрылымдық-семантикалық және лингвомәдени аспектілері"

Жоба жетекшісі: Касымова Асем Аленовна, PhD, - ORCID: 0000-0002-8783-888X Scopus ID: 57224119099


Өзектілігі:

Әлеуметтік желі байланысы қазіргі уақытта жаңа лексикалық бірліктер мен сөз тіркестерінің негізгі көздерінің бірі болып табылады және кең сипаттауды қажет етеді. Интернет -коммуникацияда бірнеше тілдердің қабаттаса қолданылуын, әртүрлі диалектизмдерді, әдеби тіл және бейресми ауызекі тілдің қолданысын байқаймыз. Яғни, интернет тілін зерттеу кезінде осы факторлар ескерілуі керек деп ойлаймыз. Сонымен қатар, интернет және интернет-коммуникация пәнаралық зерттеулердің нысаны болып табылады. Қазіргі қазақ тілінің интернет-лексикасы үнемі даму үстінде, онда жаңа сөздер пайда болады және бұрыннан бар сөздердің мағыналары өзгереді, нәтижесінде бұл лексика тіл қолданушыларына сөйлеуде, түсінуде қиындықтар туындатады, осы себептерден жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Жоба жұмысының өзектілігі қазіргі қазақ тілінің әлеуметтік желі лексикасының құрылымдық-семантикалық және лингвомәдени аспектілерін зерттеу бойынша теориялық материалдардың аздығынан, қазақ тіліндегі осы мәселелер жөніндегі іргелі зерттеу еңбектерінің жоқтығынан туындап отыр.


Мақсаты:

Қазіргі қазақ тілінің интернет лексикасының құрылымдық-семантикалық ерекшеліктерін, сонымен қатар интернет-коммуникациядағы лингвомәдени аспектілердің көрінісін анықтау. Кешенді зерттеу нәтижелерін қазіргі жаһандану үдерісіне сай инновацияланған цифрлы форматта ұсыну.


Күтілетін нәтиже:

- Зерттеу нәтижелерін қазіргі қазақ тілінің интернет лексикасының сөздіктерін құрастыру кезінде лексикографияда қолдануға, қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы бойынша дәрістер мен практиумдарда, оқу құралдарында пайдалану;
- Әлеуметтік желідегі лексиканың құрылымдық-семантикалық және лингвомәдени аспектілерін ғылыми тұрғыдан кешенді зерттеу нәтижелері бойынша Web of Science базасының Social Science Citation Index немесе Arts and Humanities Citation Index индекстелетін және (немесе) Scopus базасындағы CiteScore бойынша 35 (отыз бес) процентильге ие рецензияланатын ғылыми басылымда кемінде 1 (бір) мақала немесе шолу;

ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланатын шетелдік және (немесе) отандық басылымда кемінде 2 (екі) мақала және (немесе) шолу әзірлеу;
- Жобаның зерттеу нәтижесі ретінде монографиялық еңбек дайындау;
- Жобаның зерттеу тақырыбы бойынша республикалық және халықаралық конференциялар, семинарлар мен дөңгелек үстелдерге қатысу;
- Жобаның зерттеу тақырыбы бойынша шетелдік тағылымдамалардан өту.


Қол жеткізілген нәтиже:

Күнтізбелік жоспардың аталған бөлімі бойынша орындалған жұмыстар
1. Ғылыми тағылымдама:
2024 жылғы 25 сәуір мен 2 мамыр аралығында жоба орындаушылары – А. Касымова, Г. Тусупбекова, Р. Сабырбаева Түркия Республикасы, Анкара қаласындағы Анкара Хажы Байрам Вели университетіне ғылыми сапар жасады. Сапар барысында аталған университеттің Қазіргі түркі тілдері мен әдебиеттері бөлімінде профессор Гүлжанат Ержиласунның жетекшілігімен ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдамадан өткені сертификаттармен расталды.
Бұл бағыттағы жұмыс толық аяқталды.
2. Оқу үдерісіне енгізілген элективті курс:
Жоба шеңберінде орындаушылар тарапынан университеттің Қазақ филологиясы және журналистика кафедрасының «Қазақ тілі мен әдебиеті» магистратура білім беру бағдарламасына арналған «Интернет-лингвистика» атты элективті курс әзірленді. Аталған курс кафедра мәжілісінде қаралып, факультеттің академиялық сапа жөніндегі кеңесіне ұсынылды (хаттама №10, 28.05.2024 ж.).
Бұл бағыттағы жұмыс толық аяқталды.
3. Ғылыми зерттеу және мақалалар жариялау:
Жоба орындаушылары интернет кеңістігіндегі сөзқолданыс түрлері мен жаңа сөздердің жасалуына байланысты теориялық және тілдік материалдарды жинақтап, ғылыми талаптарға сай жүйелі талдау жұмыстарын жүргізді. Әлеуметтік желілердегі пікірлерді, сөз агрессиясы мен манипуляция мәселелерін зерттеу арқылы олардың лингвистикалық және прагматикалық ерекшеліктері айқындалды. Instagram, Telegram, Facebook, WhatsApp, TikTok секілді платформаларға қатысты материалдар жинақталып, олардағы тілдік қолданыс талданды.
Зерттеу нәтижелері төмендегі ғылыми басылымдарда жарияланды:
Жумагулова А.М., Каримова Б.Ж., Касымова А.А., Тусупбекова Г.А. Интернет коммуникация: әлеуметтік желіге тәуелділік. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ хабаршысы, 2024, №1(71), ББ. 44–55.
https://doi.org/10.26577/HJ.2024.v71.i1.5
Касымова А.А. Интернет лексиканы зерттеу мәселелері және оның тіл ғылымындағы көрінісі. Торайғыров университетінің хабаршысы, 2024, №3, ББ. 182–194.
https://doi.org/10.48081/NCYE9704
Kassymova, A., Tussupbekova, G., Sabyrbayeva, R., Zhumagulova, A., Saganayeva, G. Structural-semantic and linguocultural aspects of vocabulary in social networks. Atlantic Journal of Communication, 2024, Vol. 32, No. 5 (Q3, Percentile – 66).
https://doi.org/10.1080/15456870.2024.2418064
Бұл бөлім бойынша жұмыс толығымен аяқталды.


Зерттеу тобының мүшелері
  • Аты-жөні: Тусупбекова Галия Аутовна, филология ғылымдарының кандидаты, доцент

    Scopus Id: 57221744948

    Researcher Id:

    ORCID: 0000-0003-2200-5614

    Қосымша:

  • Аты-жөні: Жумагулова Алия Матаевна – филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

    Scopus Id:

    Researcher Id:

    ORCID: 0000-0001-5535-0030

    Қосымша:

  • Аты-жөні: Саганаева Гульнур Бейсембаевна – филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

    Scopus Id:

    Researcher Id:

    ORCID: 0000-0003-1538-5348

    Қосымша: