Психологиялық қолдау қызметі маманы Сағындыкова Қ.А. Білім берудің жоғары мектебі студенттеріне <<Бетпердесіз>> арт- терапия шеберлік сабағын өткізді.
📌 Студенттер шеберлік сабағынан не алды.
💡 Өзін-өзі тану мен түсіну тереңдеді
Студенттер ішкі сезімдері мен ойларын сурет арқылы білдіру арқылы өз-өздерін тереңірек түсінуге мүмкіндік алды.
💡 Эмоцияларын қауіпсіз түрде шығарды
Бетпердесіз (ашық) жұмыс жасау арқылы олар ішкі күйзелістерін, қорқыныштарын, реніштерін шығармашылық жолмен сыртқа шығара білді.
💡 Сенімділік артты
Өз жұмыстарын топ ішінде таныстыру арқылы немесе өз ойын білдіру арқылы студенттерде өзін-өзі көрсетуге деген сенім пайда болды.
💡 Шығармашылық қабілеті дамыды
Арт-терапия — шығармашылықты дамытатын тамаша құрал. Студенттер ойларын, сезімдерін бейнелеу арқылы креативті ойлау дағдыларын дамытты.
💡 Коммуникациялық дағдылары жақсарды
Топтық жұмыс барысында бір-бірімен ашық сөйлесу, пікір алмасу дағдылары арта түсті.