13 мамыр 2025

Тренинг "Мәдени күйзелісті жеңу"

 Психологиялық қолдау қызметі маманы Сағындыкова Қ.А. Шәкәрім университеті “КеАҚ” Дайындық бөлімі оқушыларына  "Мәдени күйзелісті жеңу" атты тренинг өткізді.

Білім алушылар тренингке қатысу арқылы:

1.Өз тәжірибесін талдауға мүмкіндік алды

   💡Студенттер өздерінің басқа мәдениетпен алғаш рет кездескен сәттерін еске түсіріп, эмоцияларын, қиындықтарын бөлісті.

   💡Бұл оларды өзара түсіністікке және эмпатияға жетеледі.

2. Топтық жұмыс пен пікір алмасу арқылы тәжірибе жинады

   💡Топтық жаттығулар, рөлдік ойындар арқылы өзіндік пікірін білдіру, өзгелерді тыңдау, бірлесіп шешім қабылдау дағдыларын дамытты.

3.Өзін-өзі тану мен дамуға жол ашты

  💡Студенттер ішкі сезімдерін түсініп, өзіндік бейімделу ресурстарын тапты.

  💡 Өз мәдени түптамырына тереңірек үңіліп, оны бағалай білуді үйренді.

4. Практикалық жаттығулар мен кейстер арқылы тәжірибе жинады

 💡Рөлдік ойындар, пікірталастар, өмірлік мысалдарды талдау арқылы нақты жағдайларды шешуге дағдыланды.