Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі24 сәуір 2024диктант, qazaqgeography

SHAKARIM UNIVERSITY «QAZAQGEOGRAPHY» БАСТАМАСЫМЕН ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ДИКТАНТ ӨТКІЗДI

Бүгін Shakarim University Жаратылыстану-математика факультетінде «QazaqGeography» бастамасымен алғаш рет студенттерге арналған географиялық диктанты өтті.
Shakarim University қатар Қазақстанның 7 университетінің қатысушылары диктант жазды. Шараның мақсаты – географиялық білімді дәріптеу және Қазақстан географиясын зерделеуге қызығушылықты ынталандыру.
Географиялық диктант қатысушылардың ойлау қабілетін дамытып, географиялық білім беруді жүйелейді. Диктантты өткізу еліміздің білім беру бағдарламасындағы студент жастарға географиялық зияткерлік жарыстарға белсенді қатысуға және өз білімдерін бағалауға мүмкіндік беретін маңызды қадам.
«Біз Қазақстанның Географиялық диктанты идеясының осындай қызығушылыққа ие болғанына және еліміздің географиясына құмар түрлі жастағы адамдарды біріктіргеніне қуаныштымыз. Біздің мақсатымыз – географияға деген қызығушылықты арттырып, одан да көп азаматтардың бірегей мұрамызды танып, сүюіне мүмкіндік беру», – деді «QazaqGeography» РҚБ Басқарма Төрайымы Әйгерім Мұсағажинова.
Студенттер шағын жаттығу дайындық бөлімінде география мен географиялық жаңалықтар тарихына қатысты бірнеше сұрақтарға жауап берді. Диктант тест форматында өтіп, әрбір қатысушы еліміздің географиясы бойынша білімін тексеруге мүмкіндік алды. Шара соңында барлық қатысушыға Жаратылыстану-математика факультетінің деканы Мұқаев Жандос Shakarim University сертификаттарын табыстады. Үздік нәтижелердің аты-жөні QazaqGeography Instagram әлеуметтік желiсiнде жарияланатын болады.