Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі14 ақпан 2024ғылыми семинар, жолдау, агроғылым

ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САЛАДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығы саласының көптен бері шешілмей келе жатқан бірқатар күрделі мәселесін ашып айтты. Ауыл шаруашылығын ғылымға сүйеніп дамытпаса, тоқырауға ұшырайды деген үлкен мәселе көтерілді. Осы ретте, Shakarim University Ветеринария және агроменеджмент факультеті мен «Qazaq Aqbas» Республикалық Палатасы мен бірлесіп, «Ауылшаруашылығы саласында ветеринариялық аурулар» тақырыбында облыстық ғылыми семинар өткізді.
Ғылыми семинарға «Qazaq Aqbas» Республикалық Палатасы, Шәкәрім университеті Ветеринария және агроменеджмент факультетінің профессор – оқытушылар құрамы, «Агротехнопарк» ғылыми орталығы, Абай облысының ветеринариялық қызметі мен шаруа қожалықтарының басшылары және ветеринария саласынын мамандары қатысты.
Басқосуда ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Дюсембаев С.Т. «Қой мен жылқының жиі кездесетін инвазиялық аурулары, алдын алу және емдеу», ветеринария ғылымдарының магистрі, практик маман Мақұлбеков Е.К. «Жұқпалы ауруларды балау және алдын алу» (ящур, IҚМ көз аурулары, хламидиоз, нодулярный дерматит т.б.), ветеринария ғылымдарының кандидаты, доцент Біләлов Е.Е. «Жұқпалы емес аурудардағы жүргізілетін ветеринариялық шаралар», PhD доктор, «Агротехнопарк» ғылыми орталығының жетекшісі Сулейменов Ш.Қ. «Агротехнопарк» ғылыми орталығының негізгі ғылыми зерттеулері» тақырыптарында баяндама жасады.
Теорияны өндіріспен ұштастыру мақсатында семинардың екінші бөлімінде факультет ғалымдары тәжірибелік сабақтарын өткізді. Семинар соңында қатысушыларға біліктіліктерін арттыру жөнінде сертификаттар табыс етілді.