АР08956857 "Балдырларды және өсірілген хлорелланы ауыл шаруашылығы жануарларына биологиялық жемдік қоспа ретінде қолдану үшін ғылыми зерттеме жүргізу және практикалық іс-шараларды ұсыну"

Ғылыми жоба жетекшісі: Сейлғазина С.М. вет.ғ.к., профессор м.а., ORСID: 0000-0002-7108-3902, Автордың идентификаторы: 5719933949


Өзектілігі:

Қазіргі уақытта аграрлық-өнеркәсіптік кешенінде сапалы ақуызды жемдіктің тапшылығы байқалады, сондықтан Қазақстандағы балдырлардың түрлерін сақтай отыра, оларды ауыл шаруашылығында тиімді пайдалану жолын игеру шұғыл түрде жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Бұл бағыт жаңа және көкейкесті болып табылады, себебі бұрын осы аймақтың альгофлоралары және хлорелланы өсіру жағдайлары зерттелмеген және олар биологиялық жемдік қоспа (БЖҚ) ретінде қолданылмаған.

Ауыл шаруашылығы жануарлары жеміне (жемшөбіне) балдырларды қоспа ретінде қолдану үшін теориялық және эксперимент жағдайында зерттеу жүргізу нәтижесінде алынған мәліметтер Қазақстанның аграрлық секторының дамуына үлкен үлес қосады. Жаңаданжемдік және биологиялық қасиеттері жоғары,ұзақ уақыт сақтауға келетін БЖҚ жасау көкейкесті бағыт болады.


Мақсаты:

Семей өңіріне жақын жатқан тұщы су қоймаларындағы бұрын зерттелмеген жіп тәрізді балдырларын және өсірілген хлорелланы ауыл шаруашылығы жануарларына биологиялық жемдік қоспа (БЖҚ) ретінде қолдану үшін ғылыми зерттеме жүргізу және практикалық іс-шараларды ұсыну, сонымен қатар олардың болашақтағы қолданылу облыстарын анықтау. Жобаның ерекше айырмашылығы, бұл жұмыс бағытының жаңалығында, оның болашағында. Эксперимент жүргізу арқылы және теориялық зерттеу нәтижесінде құрамында биологиялық белсенді заттары, дәрумендері, минералды заттары бар жаңа, алғаш рет алынатын биологиялық жемдік қоспа ұсынылады.


Күтілетін нәтиже:

- Семей аймағының тұщы су қоймаларындағы альгофлораларды жан-жақты зерттеу (химиялық құрамын макро- және микроэлементтердің, органикалық заттардың айлық динамикасын (өзгерісін) қадағалау) және олардың таралуын анализдеу;
- Балдырлардың қорын зерттеу;
- Хлорелла суспензиясы өсуіне әртүрлі факторлардың әсерін және өсірілу жағдайларын зерттеу;
- Балдырлардан алынған БЖҚ–дың құстар мен ірі қара малдардың биохимиялық көрсеткіштеріне әсерін зерттеу;
- Ауыл шаруашылық жануарларына кешенді биологиялық жемдік қоспаларды (БЖҚ) жасау және эксперименттік зерттеу арқылы жануарлар рационына қосылатын БЖҚ-ның оптимальды мөлшерін анықтау;


Қол жеткізілген нәтиже:

Семей ауданының тұщы су айдындарының бұрын зерттелмеген жіп тәрізді балдырларын және мәдени хлореллаларды ауыл шаруашылығы жануарларына арналған биологиялық белсенді жемшөп қоспасын (БЖҚ) алу үшін пайдалану мүмкіндігін зерттеу мақсатында мыналар зерттелді:
- балдырлардың химиялық құрамы анықталды;
- хлорелла өсірудің оңтайлы шарттары анықталды;
- жануарлардың рационына БКД енгізудің оңтайлы дозасы анықталды және БЖҚ -ның жануарлардың өнімділігіне әсері зерттелді.


Зерттеу тобының мүшелері
  • Аты-жөні: Кабдулкаримова К.К.

    Scopus Id: 6505569480

    Researcher Id: 000

    ORCID: 0000-0003-0475-9906

    Қосымша:

    бас ғылыми қызметкер, химия ғылымдарының кандидаты. доцент

  • Аты-жөні: Карпуша В.Н.

    Scopus Id: 000

    Researcher Id: 000

    ORCID: 000_-____-____-____

    Қосымша:

    ғылыми зерттеуші