Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі05 мамыр 2025инновациялар жәрмеңкесі

INNOVATE SHAKARIM UNIVERSITY Нақты даму. Нақты қиындықтар. Нағыз адам болу

INNOVATE SHAKARIM UNIVERSITY форумының сараптамасы

 

2025 жылғы 4 мамыр күні Shakarim University қабырғасында

14 ірі іс-шара өтті:

Ректор Думан Орынбековтің  мазмұнды 3 кездесуі:

Үздік мектеп түлектерімен — 1200-ден астам қатысушы

Магистратура үміткерлерімен — 300-ден астам  қатысушы

Колледж үздіктерімен — 200-ден астам  қатысушы;

Инновациялық жәрмеңкеде 30-дан астам стартап-жоба ұсынылды;

«Intellectual Battle–2025» интеллектуалдық турнирінің ақтық ойыны;

Қазақ күресінен «Шәкәрім барысы» турнирінде 12 белдесу өтті;

Көгалдандыру және ландшафтық архитектура жобалары  іске қосылды;

Кәсіби бағдар берушілерге, педагогтар мен психологтарға арналған семинарлар;

Түркия, Қытай, АҚШ, Франция, Англия, Польша елдерінен келген ондаған еріктілер;

Бір күн ішінде Shakarim University-де 4500-ден астам қатысушы мен қонақ болды.

 

 

ФОРУМ – ӨҢІРДІҢ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУ АЛАҢЫ

INNOVATE SHAKARIM UNIVERSITY форумы — жай ғана шаралар жиынтығы емес, бұл — өңірдің зияткерлік айнасы, оның мәселелері мен болашақ шешімдерінің көрінісі.

Ректордың үш мақсатты топпен (мектеп түлектері, магистратура үміткерлері, колледж түлектері) кездесуі барысында таңдау, өсу және жауапкершілік туралы мағыналы сұхбаттар өтті.

Қ. К. ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті: «Бүгінгі таңда бізге жай ғана мамандар емес, жаңа еңбек мәдениетін қалыптастыра алатын адамдар қажет. Біз сенімді өңірлерге артып отырмыз».   

Shakarim University бұл бағытта нақты әрекетке дайын екенін көрсетті.

 

 

БҰЛ ІС-ШАРАНЫҢ  АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘРБІР ТҰРҒЫНЫНА, ӨНДІРІС МАМАНЫНА, ӘКІМГЕ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРГЕ АРНАЛУЫНЫҢ СЕБЕБІ НЕ?

Өйткені мұнда салаларды реформалайтын болашақ кадрлар тәрбиеленуде;

Мұнда білім мен тәжірибені үйлестірудің нақты үлгісі көрсетілуде;

Мұнда жастармен нақты жұмыс жүргізілуде, есеп үшін емес — нәтиже үшін;

Мұнда сіз өңірдің болашағымен бетпе-бет келесіз.

 

 

ФОРУМ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

Университет өңірдің ғылыми және білім беру жауапкершілігін алуға дайын екенін;

Магистратура мен дуальды білімге деген сұраныстың артқанын;

Жұмысшы мамандықтарын қолдаудың жаңа деңгейге шыққанын;

Студенттердің жобаларға — стартаптан бастап агротехлабораторияларға дейін тікелей тартылғанын.

 

 

ЕРТЕҢГІ КҮНІҢ БҮГІННЕН  БАСТАЛАДЫ

 

INNOVATE SHAKARIM UNIVERSITY — БҰЛ ҮНДЕУ

Өңірлік модернизация астаналарда емес, осында, өңірлерде басталатынының айғағы. Қазір біз Абай облысы туралы айтып отырмыз.

Ол модернизация назар аударудан, диалогтан, шешімдерден және адамдардың өзінен басталады.

Shakarim University — өңіріміз  жаңа серпін алатын оқу ордасы.

 

Жаңалықтарымыздан қапы қалмаңыз!

Shakarim University. INNOVATE. LEAD. TRANSFORM.