Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі27 сәуір 2024экологиялық акция, таза қазақстан

SHAKARIM UNIVERSITY: «90 ЖЫЛДЫҚҚА – 90 ТҮП ҚАРАҒАЙ» НАУҚАНЫН ӨТКІЗДІ

Бүгін Shakarim University тоқсан жылдық торқалы тойында “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық жалпыұлттық акциясы аясында «90 жылдыққа – 90 түп қарағай» көшеттерін отырғызу науқанын өткізді. Экологиялық акция білім ордасының барлық оқу ғимараттарында профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері мен студенттерінің қатысуымен өтуде.
Жерді өз анасындай көру, ал анасын күндей қастерлеу – ұлтымыздың қанына сіңген қасиет. Shakarim University ұжымы Абай облысы тұрғындарымен бірегей қарағай орманын қалпына келтіру бойынша 23 800 га көлемінде ағаш көшеттерін отырғызған болатын. Бұл бастаманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдады. Бүгінде оқу орны әлемдік стандартқа сай «Ең жасыл» университеттердің бірі, Қазақстан бойынша 9 орында болса, ал әлемде 812 позицияда.
«Жасыл аймақ» апталығы білім ордасында осындай тағылымы мол игі шарамен қорытындыланды. Атаулы шара әлеуметтік серіктес Семей орманы мекемесінің тікелей қатысуымен өткізілуде. Игі шараға атсалысқан барша қатысушыларға алғыс білдіреміз!