Жатақхана туралы

Баспанаға мұқтаж студенттердің барлығы 4 жатақхананың біріне орналастырылады. Жатақхананың мекен-жайлары:
- №1 жатақхана - Физкультурная, 2а;
- №2 жатақхана - Шугаева, 159/4;
- №3 жатақхана - Найманбаев, 261;
- №4 жатақхана - Найманбаев, 263;
- №5 жатақхана - Шугаева, 159/4-1;
 
• Сыйымдылығы 830 студентке дейін (4 жатақхана бойынша).
• Бір адам үшін пайдалы аумақ көлемі - 6,6 шаршы метр.
• Жатақханада әрбір бөлме 2-6 адамға есептелген және төсек, шкаф, пуфик, тумбочка және тоңазытқыштармен жабдықталған.
• Әр жатақхана заманауи техникамен - кір жуатын машина, киім үтіктегіш тақталар және үтікпен жабдықталған, компьютер бөлмесі, демалыс бөлмесі, ас үй, спорттық бөлме, душ және кір жуатын бөлмелері бар.
• Барлық жатақханада Wi-Fi интернет жұмыс істейді. Демалыс бөлмелері мен компьютер бөлмесі спутниктік және жергілікті телевидениені көрсететін плазмалық теледидарлармен жабдықталған. Барлық тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жатақхана күні-түні қорғалады.
 
Жатақханада тұру құны - оқу жылына 100 000 теңге (жатақханаға орналасқанда оқу жылына толықтай төленеді).
Жатақханада тұру жатақхана ережесі мен KPI коэффициенті бойынша жүзеге асырылады.