Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі25 сәуір 2024делегация, шәкәрім керуені, profunit

SHAKARIM UNIVERSITY ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КУРЧАТОВ ЖӘНЕ БЕСҚАРАҒАЙ ТҮЛЕКТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Shakarim University делегациясы "Шәкәрім керуені" жобасы аясында Курчатов қаласы және Бесқарағай ауданы мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында студенттерден құралған "ProfUnit" мобильді тобы болашақ мамандық пен білім беру жолын таңдауға көмектесуге бағытталған талапкерлер үшін бірқатар бірегей акциялар өткізді.
Делегаттар өкілі екі күндiк сапар барысында 350-ге жуық мектеп оқушыларына:
✅Университет ұсынатын дайындық бағыттары бойынша интерактивті мастер-класстар;
✅Өз тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісетiн профессорлар және студенттермен жеке кеңестер;
✅Қабылдау науқаны және оқу жоспарларын әзірлеу бойынша воркшоп ұйымдастырылды.
- Біз әрбір талапкерге білім беру бағдарламаларын саналы түрде таңдау үшін қажетті ақпарат пен қолдауды қамтамасыз етуге тырысамыз. Осы уақыт аралығында Абай өңірінің бірқатар түлектерімен кездесіп, жаңа достар таптық,- дейді "ProfUnit" мобильді тобының жетекшісі Қуаныш Ахметов.
Біздің келесі іс-шараға атсалысыңыз және Shakarim University ұсынатын мүмкіндіктерді жоғалтып алмаңыз. Алдағы уақытта дәстүрге айналған “I go to Shakarim!” фестивалінде көріскенше!