Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі26 сәуір 2024студент, спорт, чемпион

SHAKARIM UNIVERSITY СТУДЕНТI – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

2024 жылдың 20-21 сәуірi аралығында Испанияның Ла-Нусия қаласында еркін күрестен халықаралық турнир өткен болатын. Турнирде Shakarim University студентi, еркiн күрестен Қазақстан құрамасының өкiлi Дарын Әскербек жеңіс тұғырынан көрінді.
Турнир барысында әлемнiң түкпір-түкпірінен келген боз кiлем шеберлерi бақтарын сынап, өзара мықтыны анықтады. Жеңiстi қарсылас қолынан жұлып алып, тартысты бәсекелерде тамаша әдiстер жасаған студентiмiз ел намысын халықаралық аренада абыроймен қорғап шықты.
Дарын Әскербек 2005 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақжар елді мекенінде дүниеге келген. Жастайынан спортқа әуес Дарын 2018 жылы Иран мемлекетінде өткен, кіші жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында күмістен алқа тақты. Ал, 2019 жылы Будапештте өткен Дүниежүзілік ойындарында жеңіс тұғырынан көрініп 2 орын иеленді. Бұдан бөлек, спорта осындай жетістіктерге жете отырып, талантын шыңдай білген Дарын Италия елінде еркін күрестен әлем чемпионы атанса, биыл Испания төрінде елiмiздiң әнұранын шырқатты.
Shakarim University студенті Дарын Әскербекті барша университет ұжымы мен білім алушылары атынан жарқын жеңiстер тiлеймiз!