-

Директор

Байланыс

071400, ҚР, Семей қ., Глинки көшесі, 20а
Кабинет: 410

Білім беру үрдісін ұйымдастыру департаменті


Негізгі қызмет түрлері:
  • Отандық және халықаралық стандарттардың талаптарына сай жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау мақсатында білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес оқу-әдістемелік үрдісті ұйымдастыру және жетілдіру, университеттің академиялық саясатын қалыптастыру.
  • Университеттің кафедралары, факультеттері мен құрылымдық бөлімшелерінің оқу және әдістемелік қызметін үйлестіру;
  • Барлық дайындық деңгейлеріндегі білім беру бағдарламаларының оқу, оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асыру (оның ішінде үштілді білім беру бойынша, 50х20х30 моделі бойынша).
  • Университеттің барлық дайындық деңгейлеріндегі оқу үрдісін жоспарлау мен жүзеге асыруды ұйымдастыру.
  • Бакалавриат, магистратура және докторантураның оқу үрдісін ұйымдастырудың сандық және сапалық көрсеткіштерін жүйелі талдау.
  • Бакалавриат, магистратура және докторантураның білім бағдарламаларын әзірлеу және бекіту жұмыстарын үйлестіру.
  • Білім беру қызметтерін ұсыну сапасын арттыру: түлек моделін жетілдіру, қосымша құзыреттерді игеру мүмкіндіктерін ұсыну, шетелдік әріптес жоғары оқу орындарымен интеграцияланған білім беру бағдарламаларын әзірлеу.
  • Оқу-әдістемелік үрдісті ұйымдастыру бойынша ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу.
  • Академиялық сабақтарды өткізуді ұйымдастыру және сапасына мониторинг жүргізу.
  • Университеттің педагогикалық оқу жүктемесінің жалпы көлемін есептеу, кафедралар бойынша профессор- оқытушылар құрамының штаттық кестесін қалыптастыру, сағаттық қорды есептеу және жоспарлау.
  • Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша практика базаларымен кәсіптік практикаларды ұйымдастыру.
  • Қысқы-жазғы емтихан сессияларын үйлестіру. Білім алушылардың жетістіктерін бағалауды тіркеу.
  • Аттестаттау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру.
  • ҚР Президентінің стипендиясы мен бос білім беру гранттарына конкурстар өткізуді үйлестіру.
  • Университеттің профессор- оқытушылар құрамына әдістемелік семинарларын өткізу.
  • Болашақ мамандардың тәжірибеге бағытталған құзыреттерін қалыптастыру мақсатында университеттің білім беру үрдісіне тәжірибелі мамандарды жұмылдыру.

Жаңалықтар
  • Кафедралардағы іс-тәжірибе бойынша жауапты тұлғаларға арналған семинар
    10.12.2021
    Кафедралардағы іс-тәжірибе бойынша жауапты тұлғаларға арналған семинар
  • «Болашақ жастардың қолында» атты кездесу
    09.12.2021
    «Болашақ жастардың қолында» атты кездесу
  • ШҚО ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ  ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
    08.12.2021
    ШҚО ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ