Нургазезова Алмагуль Нургазезовна

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің жетекшісі

Байланыс

+7(7055)28-11-10
Глинки көшесі, 20А
Кабинет: 401

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі


Негізгі қызмет түрлері:

- бюджеттік, келісімшарттық және мақсатты жоспарлар бойынша қабылдау жоспарларының орындалуын бақылау;

- еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру салаларында кадрлар даярлауды қамтамасыз ету;

- жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу-ғылыми үдерісін ұйымдастыру бойынша жұмыстар кешенін жүргізу (академиялық күнтізбені, оқу үдерісінің кестесін даярлау, оқу жоспарларын дайындауды тексеру және бақылау, факультеттермен сабақтар, аралық және қорытынды аттестаттау кестелерін уақытында даярлауын бақылауды жүзеге асыру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушылардың іс-тәжірибе мен тағылымнамаға уақытында жіберілуін қадағалау);

- білім алушылардың аттестация нәтижелері мен ғылыми жетістіктері бойынша университетте магистранттар мен докторанттарды даярлау жағдайын бақылау, есепке алу, талдау және бағалау;

- магистранттар мен докторанттардың жеке жоспарларының орындалуын қадағалау;

- магистратура мен докторантурада оқу-ғылыми процесін ұйымдастыру, оны қамтамасыз ету және жүргізу мәселесі бойынша жоғары тұрған ұйымдардың бұйрықтарының, өкімдері мен
нұсқауларының, Университеттің Ғылыми кеңесі мен ректораттың шешімдерінің орындалуын қадағалау;

- жоғары тұрған ұйымдар үшін оқу-әдістемелік жұмыс және магистранттар мен докторанттар контингенті бойынша есептер, анықтамаларды даярлау;

- магистранттар мен докторанттарды даярлауды жүзеге асыруда кафедраларға кеңестік және әдістемелік көмек көрсетуді ұйымдастыру;

- білім алушылардың уақтылы сапалы бітіруін және магистранттар мен докторанттардың диссертацияны мерзімінде қорғауын қамтамасыз ету;

- дипломдарды салтанатты түрде табыстауды ұйымдастыру;

- бөлім жұмысы туралы жылдық есепті дайындау.


Қызметкерлер
  • Жумашбекова Самал Кабдрахмановна

  • Даниярова Аяулым Ермекқызы

  • Спанова Асем Молдагалийкызы