Байкадамова Асемгуль Мадениетовна

Басшы

Байланыс

ҚР, Абай облысы, Семей қ., Глинка к-сі 20а
Кабинет: 510
asemgul93@yandex.ru

Коммерцияландыру және инновациялар орталығы


Негізгі қызмет түрлері:

Коммерцияландыру және инновациялар орталығы (КжИО) қызметінің мақсаты: жаңашылдығы бар және нарыққа бағдарланған бәсекеге қабілетті ғылыми-техникалық және өзге де зерттеу өнімдерін құру, жаңа технологияларды әзірлеу немесе қолда бар технологияларды жетілдіру, өнімдердің немесе көрсетілетін қызметтердің жаңа түрлерін игеру, сондай-ақ жаңа технологияларды ілгерілетуге ықпал ететін өндірістік, әкімшілік, коммерциялық немесе өзге де сипаттағы ұйымдастырушылық-техникалық шешімдер технологиялар.

Негізгі мақсатқа қол жеткізу үшін КжИО шешетін міндеттер:

  1. университеттің инновациялық қызметін дамыту стратегиясын әзірлеу;
  2. зияткерлік меншікті және авторлардың құқықтарын қорғау үшін жағдай жасау;
  3. халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты кеңейту.
  4. жаратылыстану, ауыл шаруашылығы, техникалық, әлеуметтік, гуманитарлық және педагогикалық ғылымдардың өзекті мәселелері бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуде университет ғалымдары мен ПОҚ-ын ұйымдастыру және жәрдемдесу;
  5. университеттің іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу жобаларының тізілімін қалыптастыру және уақытылы орындалуына мониторинг (бақылау) жүргізу;
  6. гранттық ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша ғылыми жобалар конкурстарының өткізілуі туралы ғалымдар мен ПОҚ-ты уақтылы хабардар ету;
  7. ғылымды бюджеттік және бюджеттен тыс қаржыландыруды іздеу;
  8. ҚР әртүрлі ұйымдарының гранттық бағдарламалары бойынша ғылыми жобалардың орындалуын мониторингілеу;
  9. іскерлік кездесулер, конференциялар, симпозиумдар, дөңгелек үстелдер, форсайт-сессиялар және басқа да іс-шаралар өткізу;
  10. ЖОО-ның ғалымдары мен ПОҚ-мен бірлесіп, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру үшін перспективалы инновациялық жоба нысанында ресімдеу;
  11. ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерін коммерцияландыру мақсатында университеттің әлеуметтік серіктестері – өңірдің жетекші кәсіпорындарымен байланыс орнату.

Қызметкерлер
  • Омар Аманжол Қабдыслямұлы
    Маман

  • Гимран Жансая Қабдоллақызы
    Маман

  • Темиржанова Зухра Нуржановна
    Маман