24 сәуір 2024

2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурс

2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурс

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті (бұдан әрі – Ғылым комитеті) ғылымды дамытудың басым бағыттары:

– Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану;
– Энергия, озық материалдар және көлік;
– Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар;
– Елдің зияткерлік әлеуеті;
– Өмір және денсаулық туралы ғылым;
– Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту;
– Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік  бойынша 2024-2026 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды.

Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2024 жылғы 24 сәуір.
Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 2024 жылғы 27 мамыр (қоса алғанда).