Президенттік шәкіртақы

Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендия

  1. «Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 Қаулысы.
  2.  «Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларды тағайындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 07 сәуірдегі № 136 Бұйрығы. 

Стипендия:

1) студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыруға;

2) анағұрлым талантты және дарынды студенттер мен магистранттарды қолдауға;

3) интеллектуалды әлеуетін қалыптастыруға ықпал етуге бағытталған.

Стипендия күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге 3-курстан бастап, магистранттарға – екінші оқу жылынан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде тек «өте жақсы» (А, А-) оқитын студенттерге беріледі.

Стипендия білім алушылардың мынадай санаттарына тағайындалады:

  1. республикалық және халықаралық олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың, фестивальдардың жеңімпаздары немесе жаңалық авторлары;
  2. ғылыми еңбек жинақтарында, республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдары бар;
  3. табыстары дипломдармен, грамоталармен, сертификаттармен, куәліктермен расталған ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысатындар;
  4. білім беру ұйымының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене араласатындар.

Стипендия ғылыми кеңестің шешімі негізінде жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен жүзеге асырылады.

Стипендия бір академиялық кезеңге тағайындалады.

Стипендия жоғары оқу орнының ғылыми кеңесінің шешіміне сәйкес бір тұлғаға бірнеше рет берілуі мүмкін.

Стипендияларды тағайындау кезінде үміткерлерді іріктеу жоғарыда жазылған өлшемдер тәртібінде жүзеге асырылады. Тең жағдайда басымдық:

- жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

- бала жасынан мүгедектерге, мүгедек балаларға беріледі.

Қажетті құжаттар:

  • Университет Басқарма Төрағасы - ректорының атына конкурсқа қатысу туралы өтініш (өтініш үлгісі деканатта);
  • Транскрипт (sdo.semgu.kz – «Карта документа» - басып шығару);
  • Жетістіктерді растайтын құжаттардың көшірмелері (дипломдар, грамоталар, сертификаттар, куәліктер);
  • Жеке куәліктің көшірмесі;
  • Жеңілдіктерді растайтын құжаттардың көшірмелері (жетімдер, мүгедектер, көп балалы отбасы және т.б.) (болған жағдайда).
 
 Оценочный лист обучающегося по критериям достижений, претендующего на присуждение стипендии Президента РК

 

ҚР Президентінің 2024 жылға арналған стипендиясы труалы хабарландыру (2023-2024 оқу жылының қысқы сессия нәтижелері бойынша)

2023 жылға арналған өтініштерді қарау мәртебесін көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын тағайындауға үміткерлердің тізімдері (жазғы сессия)

ҚР Президентінің 2023 жылға арналған стипендиясы труалы хабарландыру (2022-2023 оқу жылының жазғы сессия нәтижелері бойынша)

2023 жылға арналған өтініштерді қарау мәртебесін көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын тағайындауға үміткерлердің тізімдері

ҚР Президентінің 2023 жылға арналған стипендиясы труалы хабарландыру

2022 жылға арналған өтініштерді қарау мәртебесін көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын тағайындауға үміткерлердің тізімдері

ҚР Президентінің 2022 жылға арналған стипендиясы труалы хабарландыру