Шәкәрім түлектерінің қауымдастығы

Шәкәрім университеті түлектер қауымдастығы Бақылау кеңесінің төрағасы:  Б. Иісбек

Атқару комитетінің төрағасы:  Н. Турлыбеков

Түлектер қауымдастығының мақсаты Шәкәрім университетінің жаңа формация мамандарын дайындауына және университет пен оның түлектері арасында өзара ұтымды қарым-қатынас орнату жолында әрекеттесу. Шәкәрім түлектерінің қауымдастығы әр түрлі іс-шаралар, үздіксіз білім алу, on-line (желілік қолма-қол) қызмет көрсетулері, сондай-ақ университет түлектері үшін қарастырылған арнайы шаралар кешені арқылы түлектердің университетпен және оның басқа түлектерімен байланысын үзбей жалғастырып отыруға қолдау көрсетуді көздейді.

Түлектер қауымдастығының миссиясы:

Барша Шәкәрім түлектер буынының ынтымақтастығын күшейту және түлектер бірлігі, олардың  өзін-өзі танытуы мен әлеуметтік дамуына ықпал ету.

Түлектер қауымдастығының негізгі міндеттері:

  1. Түлектердің университетке имидждік қолдау көрсетуі. Яғни, ашық ақпарат қорларынан, түлектердің жаңа лауазымдары туралы университет өзгелерді хабардар етіп отырады. Сонымен қатар, университет түлектері – бизнес өкілдері, БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлері, биліктегі өкілдер туралы ақпарат жиналатын болады.
  2. Демеушілік қызметті ұйымдастыру, әлеуметтік жағдайы төмен студенттерді қолдау. Сондай-ақ, Альма-матердің қажеттілігі мен мұқтаждықтары туралы түлектерді хабардар ету қауымдастық міндеті болып табылады. Осындай мақсатта пайда болған – «Шәкәрім түлектерінің қауымдастығы» қоғамдық қоры өз жұмысн атқаруда.
  3. Білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру. Түлектердің көпшілігі мастер-класстар мен дәрістерді жоғары дәрежеде өткізеді. Өз кәсіби құпияларымен студенттермен бөліседі.

 

 
 Жұмыс жоспары

  Есеп