11 сәуір 2024

«КҮМІС УНИВЕРСИТЕТ» ТЫҢДАУШЫЛАРЫНА «ҚАРАКӨЗ» СТУДЕНТ-ЖАСТАР ТЕАТРЫНЫҢ ҚОЙЫЛЫМЫ

Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығына қарасты «Күміс университет» жобасының тыңдаушыларына сәуір айының 10-ы күні «Қаракөз» студент-жастар театры «Мұңлы муза» мелодрамасын ұсынды.

Спектакль «Келші, Айым» әнінің шығу тарихы жайлы. Мэлстің мұңлы музасы тыңдаушыларға өте ерекше әсер сыйлады. Өздерінің жас кездерін еске алып, көздеріне жас та алды. Спектакль аяқталғаннан соң көрермендер өз әсерлерімен бөлісті.